Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.
2025 жылғы 5 мамыр күні Маңғыстау облысы білім басқармасы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№24 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс – шара барысында ұйымға қабылданған оқушыларға көк туымыздың түсін бейнелейтін көгілдір галстук пен төсбелгілер табысталды.
Шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін – өзі дамытуға деген құштарлықты қалыптастыру, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
KZ


