Skip to content

Мұқағали – мәңгілік жырдың   мұзбалағы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен ұлы ақын  Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеші 10.02.2026 күні жоғары деңгейде өтті.

Кеш барысында ақынның жүрекке  жететін жырлары оқылып, сөзіне жазылған әсем әндері орындалып, Мұқағали поэзиясының тереңдігі мен құдіреті тағы бір мәрте көрермен жүрегіне жол тапты. Оқушылар мен ұстаздар ақын әлеміне саяхат жасап, оның рухани мұрасын жаңаша қырынан таныды.

Бұл кеш – тек еске алу ғана емес, жас ұрпақтың бойына поэзияға деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты сіңірген тағылымды шара болды. Мұқағали жыры – мәңгілік, Мұқағали рухы – қашан да халқымен бірге !

    Қазақ поэзиясының мұзбалағы мәңгі жүрегімізде !