Skip to content

«Ескендір образы» тақырыбында әсерлі де мазмұнды ашық сабақ өткізілді

Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Көбен Айдардың жетекшілігімен «Ескендір образы» тақырыбында әсерлі де мазмұнды ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушылар Абайдың «Ескендір» поэмасындағы басты кейіпкердің мінез-құлқын, рухани әлемін терең талдап, ақынның адамгершілік пен нәпсі туралы философиялық ойларын талқылады.

Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, пікірталасқа белсене қатысып, шығармадан өмірлік сабақ алды.

«Нағыз жеңіс — өз нәпсіңді жеңу» деген Абай даналығы сабақты қорытындылаған басты ойға айналды. 


  • Суретті кеңейту үшін басыңыз 1.jpg

  • Суретті кеңейту үшін басыңыз 2.jpg

  • Суретті кеңейту үшін басыңыз 3.jpg
  •