Skip to content

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл

1979 жылы Кеңес үкіметінің «интернационалдық көмек» көрсетеміз деген желеумен Ауғанстан жеріне баса-көктеп кіруі – тарихта «жарияланбаған соғыс» деген атаумен қалды.

  Атаулы күн қарсаңында мектебімізде «Отты күндер елесі» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге  ауған соғысы ардагерлері : Тоқтаған Айсайұлы, Асылбек Қобланұлы қатысып, оқушыларға соғыстағы қиындықтар, ерлік, тағылымы мол тартымды әңгімелер айтты. Оқушылар Ауған соғысы жайында өздерін толғандырған сұрақтар қойып, жауаптар алынды.

Мақсаты: Жастарды Отаншылдыққа тәрбиелеу, жастарға патриоттық рух беру.